Сіздерді ұлымыз Бердібек пен келініміз Балымның өміріндегі ең маңызды және бақытқа толы үйлену тойына шақырамыз!
Бұл күн – жаңа өмірдің бастамасы, екі жүректің бір болып, бақытты болашаққа қадам басуы.
Келіңіздер, бірге қуанып, бақытты сәттің куәсі болыңыздар!
Сіздердің жылы тілектеріңіз бен қолдауларыңыз біз үшін баға жетпес сыйлық!
Екі бұлақ бір арнаға тоғысты,
Екі жүрек ұғынысты, табысты.
Тілейікші аппақ таза ағысты,
Тұлпарға тән озып шығар шабысты.
Өмір-тойы, көңіл-той үйлену,
Үйлену, бұл - мәңгі көктем күйге ену
Жас отаудың қабырғасы қаланып,
Дүниеге тағы да бір үй келді.